Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Amanat» партиясы жанындағы Жастарды қолдау кеңесі студенттік жатақханаларға мониторинг жасауды жалғастырады

22.09.2023ж. 20:00
518
«Amanat» партиясы жанындағы Жастарды қолдау кеңесі студенттік жатақханаларға мониторинг жасауды жалғастырады

«Amanat» партиясы жанындағы Жастарды қолдау кеңесі Қарағанды облысында студенттік жатақханаларға мониторинг жасауды жалғастырады. Әсіресе колледж студенттері тұратын орындар ерекше бақылауда. Талапқа сай келмейтін ғимараттардың бірі- Тәттімбет атындағы өнер колледжінің жатақханасы. 70 адамға арналғанымен бұл жерде жалғыз душ, екі электр плитасы және бір ғана розетка бар. Мұндай жағдай орта оқу орындарында жиі кездеседі. «Amanat» партиясы белсенділерінің мәліметінше, аймақтағы 46 жатақхананың 7- еуі ғана жаңа. Аманаттықтар аулалардағы ойын алаңдары мен ашық құдықтарды да тексереді.

Асқар ОРАЗБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Amanat» партиясы жанындағы жолдау бойынша Қарағанды облыстық кеңесінің құрамында әртүрлі сала өкілдері бар. Олар дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер, көшбасшылар. Біз студенттік жатақханалар, балалар ауласын тексеріп қайттық. Жедел желі арқылы байланыс бар.Тұрғындардың көбі алғысын білдіреді.