Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әйел қатты жөтел салдарынан қабырғасын сындырып алды

AstanaTV
24.09.2023ж. 12:17
590
Әйел қатты жөтел салдарынан қабырғасын сындырып алды

Қытайдың 32 жастағы тұрғыны қатты жөтеліп, қабырғасын сындырып алды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қыздың гонконг тұмауымен ауыратыны анықталды

Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласының тұрғыны өзін Лу деп таныстырды. Ол жөтел басталған уақытта ұйықтап жатқан. Ол оянғанда, қатты ауырсынуды сезініп, медициналық көмекке жүгінген.

Дәрігерлер науқастың кеуде қуысының томографиясын жасап, оң жағында қабырғасының сынғанын анықтады. Оған қатты жөтел, сондай-ақ және науқаста анықталған остеопороз (сүйек тінінің баяу ыдырау процесі) диагнозы әсер етуі мүмкін. Ауру әйелдің денесінде D дәруменінің жетіспеушілігінен туындаған.