$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жүлдемді марқұм жан құрбыма арнаймын" - Әбиба Әбужақынова

AstanaTV
25.09.2023ж. 11:11
1043
"Жүлдемді марқұм жан құрбыма арнаймын" - Әбиба Әбужақынова
Фото: olympic.kz

Ханчжоудағы Азия ойындарында дзюдодан күміс жүлде иеленген Әбиба Әбужақынова жүлдесін жол апатынан қаза тапқан құрбысының рухына арнайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.  

"Бұл медальді жан құрбыма арнаймын. Жақында ғана қырқы өтті, сонда болып, осында келдім. Интернатта бірге оқыдық", - дейді Әбиба Әбужақынова.

Еске салайық, Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоудағы өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленгені хабарланған еді. 

48 килоға дейінгі салмақта отандасымыз финалда жапон қызы Нацуми Цунодамен кездесті. Үш дүркін әлем чемпионына қарсы белдесуде Әбиба қарсыласына жол берді. Қазақстандық спортшыға көзінің астындағы жарақаты да әсер етті. Ол медициналық көмекке де жүгінді.