Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Палестинада 20 ғасыр бұрынғы табыт табылды

AstanaTV
25.09.2023ж. 14:18
1067
Палестинада 20 ғасыр бұрынғы табыт табылды

Палестинаның Газа қаласында 20 ғасыр бұрынғы тас табыт табылды. Археологтар ол Рим дәуіріне тиесілі дейді.

Зерттеушілер жалпы 125 ежелгі зиратты ашып көрген. Арада 2 мың жыл өтсе де, қабірдегі адам сүйектері сол күйі сақталыпты, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Қаңқалардың жанынан түрлі құрал-сайман мен тұрмыстық заттар да анықталды.

Мамандар сол кезеңде 4 түрлі жерлеу дәстүрі болғанын айтады.

Жерленгендердің көбі жасы 50-ден асып, қайтыс болған. Пайдаланған заттарына қарап, олардың тұрмысының жақсы болғанын байқаймыз. Қабірде ер-әйелмен қатар балалар да жерленген,-дейді археолог Фадель әл-Отул.