Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ер адам әйелі ажыраспақ болғаны үшін екі ұлын өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған

AstanaTV
25.09.2023ж. 14:51
1011
Ер адам әйелі ажыраспақ болғаны үшін екі ұлын өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған

Ресейдің Омск облысында ер адам әйелі ажыраспақ болғаны үшін екі кішкентай ұлын өлтіріп, соңынан өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SHOT Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алты ай бойы отбасынан бөлек тұрған 36 жастағы ер адам қайғылы оқиға болар күні 30 жастағы әйелі мен балаларына қонаққа келген. Ол жерде әйелінің 27 жастағы інісі болған. Ер адам әйелін қайта қосылуға көндірмек болған.

Әйелі одан бас тартып, ажырасатынын айтқан соң, ер адам сейфтен мылтығын алып, оқ жаудырған. Ол алдымен әйелінің інісін өлтірген. Қатты қорыққан әйел кішкентай қызын қолына алып, ұлдарына соңымнан жүгіріңдер деп айқайлап, олармен бірге үйден шыққан. Алайда жеті жасар бала ғана қашып үлгеріп, оның үш және бес жасар інілері әкесінің қолынан көз жұмған. Содан кейін ер адам өзінің басынан оқ атқан.