Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алматы хайуанаттар бағында жолбарыс ауруға шалдықты

AstanaTV
04.04.2016ж. 20:00
1631
Алматы хайуанаттар бағында жолбарыс ауруға шалдықты

Алматыдағы хайуанаттар бағын мекендейтін жолбарыс өкпе қабынуы дертіне шалдыққан. Яғни осының алдындағы барыстардың дерті бұл аңға да жабысқан секілді. Зообақ директоры Қанат Кәрімовтің айтуынша, 6 жасар Құралай есімді жолбарысты 4 айдан бері ветеринар дәрігерлер емдеп жатыр. Өткен жылы да жолбарыстан ауру белгілері табылып, ем жасалған. Биыл сырқаты қайталанған сыңайлы. Хайуанаттар бағының басшысы соңғы 3 жылда мысық тұқымдастардың қатары сиреп кеткенін мойындайды.

Қанат Кәрімов, Алматы хайуанаттар бағының директоры:

Хайуанаттар бағының айналасында жұқпалы дерт тараған сияқты. Ветеринарлармен жиын өткіздік. Мысық тұқымдастардан қан талдамаларын алып, тексеруге бердік. Жұқпалы індет бар ма, жоқ па, соны анықтағымыз келеді. Ал өлген барыстардың терісін жәдігер ретінде пайдалана алмаймыз, өйткені асқынған дерттен олар жарамсыз болып қалды. Барыстардың өлімі бойынша  14 наурыздан бері тексеріс жүріп жатыр. 10 күннен кейін табиғат қорғау прокуратурасы шығарған қорытындыны жариялаймыз.

Еске салайық, 2009-2014 жылдар аралығында Алматы зообағында 6 қар барысының ажал құшқаны белгілі болған еді. Аңдардың барлығы өкпе қабынуы дертінен өлген. Ал мамыр айынан бастап зообақты күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.  
 
Айгүл ЕРМАХАН