Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«Amanat» партиясы Президент реформаларын жүзеге асыруды қатаң бақылауға алды

25.09.2023ж. 20:00
471
«Amanat» партиясы Президент реформаларын жүзеге асыруды қатаң бақылауға алды

Қарағандыда «Amanat» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының тұңғыш форумы өтті. Халық қалаулылары атқарушы билік өкілдері мен тиісті басқарма басшыларына, сондай- ақ Мәжіліс депутаттарына тікелей сауал қойып, ел- жұртты мазалаған сұрақтарға жауап алды. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен тікелей кездесу өткізіп, алғашқы жиын өз нәтижесін көрсете бастады.

Форум 200-ден астам халық қалаулысының басын қосты. Олар -аудандық және қалалық мәслихат депутаттары. Мұндай форматтағы кездесу алғаш рет өтті. Бұл сайлаушыларды толғандырған мәселелерді облыс әкімінің орынбасарлары мен түрлі басқарма басшыларымен бірлесе тікелей талқылап, жауап алуға көмектеседі. Әсіресе денсаулық сақтау, білім беру, аулаларды абаттандыруға қатысты сұрақ көп.

Руслан ӘЛІШЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Президент өз жолдауында жаңа әлеуметтік- экономикалық даму бағдарламасын көрсетті. «Amanat» партиясы басты саяси институт ретінде осы реформаларды іске асыруда маңызды рөл атқарады. Мәслихат депутаттары «Amanat» партиясы үшін маңызды ресурс. Себебі осы депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасында міндеттеген тапсырмаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Атқарушы органдар мәслихат депутаттарының көздеген мақсаттарына қарай жұмыс істейді. Бұл сараптама жасау, ақпараттандыру, фракция жұмысын үйлестіру. Өйткені партия мен әр бір депутаттың мақсаты- сайлау алдында берген уәдені орындау. Елдің әл- аухатын арттырып, елімізді дамыту.

Халық көтерген мәселелер мен шешілмеген сұрақтар «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Олар жергілікті қоғамдық қабылдауда жинақталып, ең алдымен мәслихат депутаттарының алдынан өтеді.

Асхат ӘЛИ, БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Әр бір ауданда, әр бір ауылда өзінің қордаланған мәселелері бар.Бір бұл ауыз су мәселесі, бір жерде бұл жарық мәселесі, бір жерде бұл жол мәселесі. Осы мәселелерді бір жерге шоғырландырып одан кейін барып біздің облыс деңгейінде атқарылатын мәселелердің жоспарын құру. Бүгінгі форумның маңызы, мақсаты осы деп ойлаймын».

Руслан ӘЛІШЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

«Amanat» партиясы- мемлекет басшысы жүзеге асырып жатқан реформалардың тірегі, саяси қайта құрудың драйвері. Бүгінгі форум Президент реформаларының саяси күші барлық деңгейге, аймақтарға дейін жеткенін дәлелдейді. Біз депутаттардың белсенділігін атқарушы органдардың алдына мәселені қоя білетіндігін көріп отырмыз. Бұл партияның барлық ресурсттары елдің әл- аухатын жақсартып елімізді дамыту үшін жұмыс істеп тұрғанын көрсетті.

Депутат - халықтың үнін билікке жеткізеді. Арадағы алтын көпір. Атқарушы органдармен бірлесіп тұрғындардың мәселесін шешуге атсалысуда. Бұл -Президент Жолдауындағы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының көрінісі. Бүгін форумға қатысқан мәжіліс депутаттары ата заңдағы құқықтық құралдарды пайдалану жолдарымен бөлісті. Конституцияда барлық тиімді тетіктер көрсетілген. Тек оларды ұтымды қолдану қажет,- дейді.

Унзила ШАПАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«ҚР депутаттарының құқықтық мәртебесі туралы конституциялық заңда көрсетілген. Сондықтан кез келген деңгейдегі депутат өзінің атынан сол толғандырып тұрған мәселені жоғары тұрған билік өкілдеріне жібере алады. Депутаттық сауал дегеніміз бұл халық пен мемлекеттік орган арасын байланыстыратын ең тиімді құқықтық құрал болып табылады».

Форумға қатысушылар алдағы уақытта өз жұмыстарын нәтижелі жүргізу үшін тиімді құралдарды пайдалану жолдарын үйренді. Енді көтерілген проблемалар бойынша облыста ғана емес үкімет деңгейінде нақты бақылау жасалмақ.