Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Степногорск қаласында Көкшетау жоғарғы медициналық колледжінің бөлімшесі ашылды

25.09.2023ж. 20:00
452
Степногорск қаласында Көкшетау жоғарғы медициналық колледжінің  бөлімшесі ашылды

Степногорск қаласында Көкшетау жоғары медициналық колледжінің бөлімшесі ашылды. Жаңа оқу орны ең заманауи техникамен және сабаққа арналған оқу кабинеттерімен жабдықталған. Бөлімше Степногорск көпбейінді ауруханасының базасында жұмыс істейді. Осылайша өңірдегі кадр тапшылығы шешілмек,-дейді мамандар. Толығырақ алдағы сюжетте.

"Мейірбеке ісі" мамандығы бойынша бөлімшенің алғашқы студенттері сол аурухананың санитарлары болды. Өңірде ашылған жаңа мамандықты өзге сала өкілдері де игеруге ниетті. Солардың бірі -Арина. Ол 10 жылдан астам уақыт сұлулық салонында жұмыс істеген. 5 жасар ұлы бар. Айтуынша, ендігі өмірін адамдарға көмек беру үшін жұмсасам дейді.

Арина АСТАФЬЕВА, СТУДЕНТ:

Бұған дейін Степногорск қаласында медициналық білім алуға мүмкіндік болған жоқ. Ал отбасы бар адамдар үшін екінші қалаға барып білім алу, әрине оңай емес. Ал қазір өз қаламызда, ешқайда бармай-ақ білім алуға мүмкіндік бар. Сенің ендігі арманым осы саланы игеріп, адамдарға көмектескім келеді. Ізгілік адам жанының айнасы ғой.

Степногорск қаласында жүзден астам медбике жетіспейді. Сондықтан елдімекен тұрғындары аймаққа келген Мәжіліс депутатына бұл мәселені ашып айтты. Нәтижесінде мәселені шешу үшін Ақмола әкімдігі өңірден Көкшетау жоғары медициналық колледжінің бөлімшесін ашуды тапсырған.

Айым ҚҰРМАНБАЕВА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ БӨЛІМШЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бізде жоғары білімі бар және үлкен тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Әр студент тек кітаптармен ғана емес, ноутбукпен де жабдықталған. Кабинеттер заманауи технологиялармен жабдықталған. Мысалы, бізде VR кабинеті бар. Студенттер виртуалды шындық арқылы емдейді, диагноз қояды. Виртуалды 3D пациенттері бар интерактивті сенсорлық үстел орнатылған

Енді екі жылдан соң оқу орнын алғашқы 56 түлек аяқтап шығады. Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын жергілікті бюджеттен резидентурада оқуға 35 грант, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға 50 грант бөлінеді. Орта буын медицина қызметкерлері үшін жергілікті бюджет есебінен 190 грант қаралған.