$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде гүлдер фестивалі өтті

25.09.2023ж. 20:00
1122
Ақтөбеде гүлдер фестивалі өтті

Ақтөбенің орталығында «Гүлдер әлемі» фестивалі өтіп, бір күн шахар қош иіс пен әдемілікке көмкерілді. Шараға 250-ге жуық адам қатысып, гүлден жасалған түрлі туыңдыларын ұсынды.

Ақтөбенің орталық даңғылы гүлдер әлеміне айналып, құлпырып шыға келді. Байқауға қатысушының әрбірі гүлден түрлі композиция жасап әкелген. Жол белгілері, музыкалық аспап, сағат барлығы көздің жауын алады. Айналаға әдемілік сыйлап қана қоймай, экологияны жақсартуға септігі мол.

Ғалия ЖҰМАҒАЗИНА, АҚТӨБЕ АВТОЖОЛ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі сайысқа көрсетіп отырғанымыз гүлдер композициясы. Өйткені біз жол композициясын көрсетіп оның бойында өсетін гүлдер көрсетіп отырмыз. Бұл гүлдердің экология жағына тиімділігін көрсетіп отырмыз. Өйткені олар улы газдардың барын бойына екі есе сіңіреді.

Шахарда Гүлдер фестивалі осымен екінші рет өткізіліп отыр. Қаладағы балабақша, мектеп, колледждері мен қатар гүл өсірумен айналысатын жекелеген мекемелерге дейін белсенді қатысты.

Азамат БЕКЕТ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазіргі кезде дәстүрге айналып келе жатқан фестивальға былтыр 150 қатысушы болатын болса, биыл 250 қатысушы қатысушы қатысуда. Бұл әрине балаларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға өте үлкен септігін тигізеді.

Бұл шараға келген қала тұрғындары да әдеміліктің мерекесінен ерекше әсер алып, кейбір дүниелерді байқаудан кейін сатып алуға мүмкін алды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА

- Өскелең ұрпақтың көп көзімен көріп , тәлім алатын. Жоғары талғаммен жасалған өте әдемі дүниелер. Қазір адамның көңіліне бір әсемдік сыйлайтын сондай әдемі мереке.
- Бұндай мереке Ақтөбеде жиі жасалса жақсы болар еді. Ақтөбенің халқына апта сайын жасалса тіпті жақсы болар еді.

Байқау соңында 12 номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.