Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Азиада: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті

AstanaTV
26.09.2023ж. 11:52
1308
Азиада: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті

Бүгін Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан кезекті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 метрден пневматикалық винтовкадан оқу атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлде иеленді.

Үшінші орын үшін өткен бәсекеде біздің мергендеріміз Иран командасын 17:11 есебімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын.