Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Отбасы банк» жыл сайын 80 мың адамға несие береді

26.09.2023ж. 20:00
2942
«Отбасы банк» жыл сайын 80 мың адамға несие береді

«Отбасы банкті» екінші деңгейлі банктер жүйесінде қалдырған дұрыс. Банк төрағасы Ләззат Ибрагимова осындай пікір айтты. Осыған дейін қаржы институтын түрлендіріп, екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарып тастау туралы бастама көтерілген еді. Сол мәселе - сиырқұйымшақтанып кеткен сынды. Мәжіліс бұл жобаны әлі талқылап жатыр.

Ләззат ИБРАГИМОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ТӨРАҒАСЫ:
Банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құзырында қалсын дегенді жақтаушылар бар. Бұл банктің қызметін көбірек бақылауға мүмкіндік береді. Ондай бақылау керек те. Екінші тараптан банк халықтың әлеуметтік аз қамтылған санатына көбірек бағдар ұстаса деген ұсыныс бар. Ондай жағдайда бюджеттен көбірек ақша бөлініп, қызметінде еркіндік пайда болар еді.
«Отбасы банк» жыл сайын 80 мың адамға несие береді. Осы жоба арқылы баспаналы болатындардың дені Астана, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары. Олардың үлесі - 50 пайыз. Банк басшысы алдағы 3 жылда несие көлемі өзгермейтінін айтты.