Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ұлттық Ұлан әскери қызметшілерінің өзге ұлт өкілдері арасында “Мемлекеттік тіл-менің тілім” атты байқау өтті

26.09.2023ж. 20:00
441
Ұлттық Ұлан әскери қызметшілерінің өзге ұлт өкілдері арасында “Мемлекеттік тіл-менің тілім” атты байқау өтті

Алматыда Ұлттық Ұлан әскери қызметшілерінің арасында “Мемлекеттік тіл – менің тілім!” атты ерекше байқау өтті. Ерекшелігі сонда - бұл байқауда жергілікті ұлт өкілі емес мамандар бақ сынасты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған әскери қызметшілердің өзге ұлт өкілдері Абайдың “Айттым сәлем, Қаламқас!” әнін шырқап, қазақтың термесін орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Одан бөлек мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жатқа айтты. Сондай-ақ әскери қызметшілерге қазақ тілі бойынша дәріс беретін оқытушылар арасында «Үздік маман» сайысы да ұйымдастырылды. Шара қыркүйектің 28-не дейін жалғасады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар қарастырылған.

Қайрат ҮМБЕТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Басты мақсат - Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді нығайту және насихаттау. Бұл шара Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан қатарында 2007 жылдан бастап өз бастамасын тапқан. Өңірлердің әр қаласында ұйымдастырылады. Мемлекеттік тілді насихаттау ҚР Ұлттық ұлан қатарында жауынгерлік дайындық программасында факультативтік сабақпен өткізіледі.