Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына орай жаңа кітаптың тұсауы кесілді

26.09.2023ж. 20:00
736
Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына орай жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай Астанада «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсауы кесілді. Кітаптың авторы – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шөбересі Абай Шарапиев. Ол туындыны жазуға 23 жыл уақытын жұмсаған. Онда ұлы тұлғаның ашылмай қалған қырлары мен еңбектері туралы жазылған. Шарада тұлғаның қазақ тарихындағы және руханиятындағы орны, жас ұрпаққа мұрасын жеткізу жолдары, қоғамда насихаттау мен тың зерттеулер жүргізу туралы мәселелері талқыланды.

Абай ШАРАПИЕВ, КІТАП АВТОРЫ:

Бұл кісінің тылсым қасиеттері жанағы емшілігі, бата көйлегі, көріпкелдігі толық зерттелген жоқ. Сол себептен мен осы бабамызды көрген нақты қолынан дәм татқан. Бабамыздың батасымен дүниеге келген адамдардың өз аузынан естіп сол осы кітапты жазып шықтым.

Исламбек САЛЖАНОВ, "ALTYN QYRAN FOUNDATION" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл еңбек Мәшһүр тануға үлес қосып оқырмандарға ықыласына ие болады деген үміттеміз. Бұл бабамыздың рухани және ғылыми мұрасы ел ішінде кеңінен таралып қоғамдық саяси және ғылыми қызмет тереңірек зерттелу қажет. Сондықтан да бұл Мәшһүр танудағы жаңа міндет, жаңа кезең болуы тиіс.