Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ирактың солтүстігінде өрттен кем дегенде 100 адам қаза тапты

AstanaTV
27.09.2023ж. 09:38
789
Ирактың солтүстігінде өрттен кем дегенде 100 адам қаза тапты

Ирактың солтүстігіндегі Нинева провинциясында үйлену тойы кезінде шыққан өрттен кем дегенде 100 адам қаза тауып, 150-дей адам зардап шекті.

Бұл туралы Ирак ақпарат агенттігі (INA) аймақтық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Азаматтық қорғаныс басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, той өткен зал өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмеген. Жанғыш материалдардан салынған ғимаратта дабыл жүйесі болмағаны атап өтілді.

«Арзан әрі тез тұтанатын құрылыс материалдарын қолдану салдарынан өрт басталған соң бірнеше минут ішінде-ақ залдың кей бөлігі опырылып құлап кеткен», - делінген INA хабарламасында.

Премьер-министр Мұхаммад Шиа әл-Судани ішкі істер және денсаулық сақтау министрлеріне зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық мүмкіндікті жұмылдыруды тапсырды.