Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алаяқтық жасап сотталған Қазақстан азаматы Украинадан экстрадицияланды

27.09.2023ж. 20:00
836
Алаяқтық жасап сотталған Қазақстан азаматы Украинадан экстрадицияланды

Украинадан алаяқтық үшін сотталған Қазақстан азаматы экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Құзырлылардың мәліметінше, Украинаның Әділет министрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азаматты елімізге беру туралы шешім қабылдаған.

Дархан ДУЙСЕМБАЙ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

2019 жылы шартты түрде жазасын өтеу кезінде сотталған қазақстандық соттың үкімін орындаудан жалтарған. Осыған байланысты сот оның өтелмеген шартты түрдегі жазасын, нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, оған халықаралық іздеу жариялаған. 2023 жылдың тамыз айында іздеуде жүрген азамат Украина аймағында ұсталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.