Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Цифрлық теңге ақшаның құнсыздануын тоқтатады

AstanaTV
27.09.2023ж. 20:00
1103
Цифрлық теңге ақшаның құнсыздануын тоқтатады

Екі жыл бұрын цифрлық теңге жобасы мақұлданды. Жаңа төлем құралы келер жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілуі керек. Сарапшылар ақшаның құнсыздануын тоқтады деп сендіріп отыр. Бірақ білек сыбана іске кірісіп жатқандары байқалмайды. Жаңа төлем құралын Сүндет Оралбек ЭКОНОМИКА топтамасында түсіндіріп береді.

2025 жылдың аяғына дейін елімізде цифрлық теңге айналымға енеді. Қағаз күйіндегі ақша азаяды. Бірақ құрдымға кетеді деген сөз емес. Есесіне, валюта шығаруға жұмсалатын қаржыны үнемдейміз. Банк қосымшаларындағы онлайн төлемдерді де қолдана береміз. Цифрлық теңге төлем құралының үшінші түрі болмақ. Сарапшылар, артықшылығы көп деп отыр. Мысалы, интернетсіз де төлем жасай аласыз. Валютаны онлайн ауыстыруға болады.

Айбар ОЛЖАЕВ, САРАПШЫ:

Цифрлы теңге шынымен де біздің экономикамызды көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді. Себебі, сол теңгенің қайда кеткені, қайда жұмсалғаны барлығы көрініп отырады. Ол статистиканың барлығын ашады. Және біздегі жемқорлықпен күрескенде цифрлық теңге өз пайдасын тигізе алады.

Қазақстандағы 11 ақылы жолдың бағасы өсті. Көлік жүргізушілер үшінші қазаннан бастап жаңа тарифпен төлем жасайды. Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі. «Астана – Павлодар» бағытына 456 және «Шымкент – Қызылорда» тас жолына 527 теңге деп бекітілді. Ең арзаны «Щучинск – Көкшетау», «Алматы – Қонаев», «Шымкент – Тараз» бағыты. 72 мен 120 теңге аралығында белгіленген.

Доллардың бағасы күн сайын өсуде. Көк қағаздың құны жаз бойы 450 теңгенің шамасында болды. Күз басталғалы тек қымбаттап жатыр. Экономистер, әлі де көтерілуі ықтимал деген пікір айтуда. Ал айырбастау пунктерінде доллар тапшы.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Доллардың өсуі біздің нарықтағы барлық бағаның, тағамға болсын, техникаға болсын кері септігін тигізеді. Ол жаман деп ойлаймын өзім.
- Аударма Біз доллардың көтерілуін тоқтата алмаймыз. Доллардың неге көтеріліп жатқанын түсіну қиын. Сол үшін көнуден басқа амал жоқ.
- Қымбатшылық болады. барлығы қымбаттайды. Тамақтарда қымбаттайды.

Дәл қазір Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 476-481 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда 477-480 аралығында, құбылып тұр. Ресей валютасы Алатау баурайында 4,8-5 теңге аралығында болса, Елордада 4,8 – 5,2 теңгеден сатылуда.

Елімізде тамыз айында банктердің жеке тұлғаларға теңгемен берген несие мөлшерлемесі 20,2 пайызға өсті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 18,2 процентті құраған.

Ұлттық банк белгілеген базалық мөлшерлемеге байланысты пайызы көтеріледі. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш 16,75 пайыздан 16,5 процентке төмендеген еді. Ұлттық банктің дерегінше өткен айда депозиттердің орташа пайыздық мөлшерлеменің көрсеткіші өзгеріссіз қалған.