$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Қазақстан» шахтасындағы адам өліміне жоғары басшылар да жауап беруі керек", - депутат

27.09.2023ж. 20:00
1006
«Қазақстан» шахтасындағы адам өліміне жоғары басшылар да жауап беруі керек", - депутат

«Қазақстан» шахтасындағы адам өліміне жоғары басшылар да жауап беруі керек. Тек кінәлілерді жазалау жеткіліксіз. Мәжілісмен Никита Шаталов осылай деп депутаттық сауал жолдады. Сондай-ақ, ол "АрселорМиттал Теміртаудан" инвестициялық міндеттемелерді толық көлемде орындауды талап етті. Апаттан 5 кенші қаза тауып, 16 адам зардап шеккен. Қылмыстық жауапкершілікке 28 адам тартылды.

Никита ШАТАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Олар көмір өндіру кезінде барлық техникалық талаптарды орындамай, дұрыс емес жабдықты сатып алу арқылы ақша үнемдей аламыз деп ойлаған. Егер біреудің ашкөздігі болмағанда, кеншілер тірі болушы еді. Ешкім, әсіресе кәсіпорын басшыларына, соның ішінде шетелдіктерге қатысты, қылмыстық қудалау кейінге қалмауы керек.