Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Әкім-қаралардың тапсырмасымен шауып жүрген жандар қашан жастардың мәселесімен айналысады?",-депутат

27.09.2023ж. 20:00
598
"Әкім-қаралардың тапсырмасымен шауып жүрген жандар қашан жастардың мәселесімен айналысады?",-депутат

Жергілікті әкімдіктердің «барып кел, шауып кел» дейтін бұйрықтары бітер емес. Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев өңірлердегі Жастар ресурстық орталықтарының жұмысын сынады. Оның айтуынша, орталықтың аты дардай болғанымен заты сай емес. "Қай өңірге барсақ та алдымыздан шыққан жастар жұмыста жүйе жоқ екенін, өздерін жергілікті билік өкілдері білгенінше жұмсап, негізгі жұмыстарына жолатпайтынын айтады" дейді. Еліміздегі 232 Жастар ресурстық орталығында қызмет ететін 3 мыңнан астам белсенді әр әкімнің бұйрығымен таң атқаннан кешке дейін сабылып жүргенін жеткізді. Олардың өз мәселесімен айналысуға уақыты жоқ. Орталықтардың дені әкімдік ғимаратын паналап отыр. Сәйкесінше, жергілікті билік жағдайды пайдаланып оларды қалағанынша жұмсайтын көрінеді. Сондай-ақ, жалақы төмен.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жастар ресурстық орталығындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 90 мың теңге. Бұдан әлдеқайда төмен айлық алатын жастар жеткілікті. Бұл қазіргі қымбатшылықта түкке жетпейді. Аталған айлыққа білімді, білікті жастарды қызметке әкеліп, «елдің ертеңі үшін жұмыс жаса, жастарға қызмет ет» деп үндеу керек. Әрине оған білімді әрі белсенді жастар келіспейді. Сәйкесінше Жастар ресурстық орталығында үнемі кадр ауыса береді. Қазақ: «Су ағады, тас қалады, Кәрі кетеді, жас қалады» дейді. Бүйте берсек ертең жастармен жұмыста кім қалады?