Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Балалар ұйымдарын тексеруге мораторийді жойып, лицензиялауды енгізу керек", - Д.Зәкиева

27.09.2023ж. 20:00
494
"Балалар ұйымдарын тексеруге мораторийді жойып, лицензиялауды енгізу керек", - Д.Зәкиева

"Балалар ұйымдарын тексеруге мораторийді жойып, лицензиялауды енгізу керек". Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осындай ұсыныс айтты. Осылай санитарлық талапты сақтауға болады деп отыр. «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» республикалық қоғамдық кеңес отырысында лагерьлер мен мектеп-интернаттарды жөндеу және жаңадан салу мәселесі талқыланды.

Динара ЗӘКИЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ БАСШЫСЫ:

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін және жағдайын жақсарту үшін 3 жылға жоспарын құрдық. Мәселен 163 интернатты жөндеу жоспарында қол қойылды. Яғни 76 күрделі жөндеу, 78 ағымдағы жөндеу, 8 ғимаратты кеңейту және 1 жаңа ғимарат салу. 82 лагерьлерді жөндеу яғни 21 күрделі жөндеу, 52 ағымдағы жөндеу. Сонымен қатар 2 ғимаратты кеңейту және 8 жобалық сметалық құжаттама дайындау жоспарланған.