Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

AstanaTV
27.09.2023ж. 20:00
557
Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Стенд атудан әйелдер құрамасы үздік шықты. Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина үштігі "скит" сайысында алдына жан салмады. Одан өзге олар 350 ұпаймен Азия ойындары рекордын жаңартты. Сонымен қатар, Әсем Орынбай жекелей сында қола алса, Ольга Панарина жарыс жолын төртінші орынмен тәмәмдады. Ал суға жүзуден Әділбек Мусин қола жүлде еншіледі. Ол 100 метрге butterfly әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен келді. Қоржынға тағы бір қоланы Ушу-саньда сайысында Аян Тұрсын салды. Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында жарыс қожайыны Юэяо Лиге есе жіберді.