Спорт Қазақстан
$461.05 €499.32 ₽5.03
×

ТЖМ-нің екі өңірдегі департаментінің басшыларына сот үкімі шықты

AstanaTV
27.09.2023ж. 17:49
514
ТЖМ-нің екі өңірдегі департаментінің басшыларына сот үкімі шықты

Төтенше жағдайлар министрлігі департаменттерінің басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, ҚР Әскери сотының апелляциялық алқасында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Р. Қасыбаевқа қатысты үкім шығарды.

«Сотталушы мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін толық құнын заңсыз төледі және техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған. Ол билікті теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ Қызылорда облысында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Б. Стамқұловқа қатысты үкім шықты.

«Стамқұлов Н. Оразбаховтан делдал А. Атажанов арқылы жеткізушіні таңдау кезінде артықшылық көрсеткені және газ толтыру пункттері бойынша жобалық құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін 500 мың теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар Стамқұлов лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы ҚР ТЖМ лауазымды тұлғаларына кездесулер мен бос уақытты ұйымдастыру сылтауымен өзінің бағынысты 4 қызметкерінің 100 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иеленді. Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Осы үкіммен пара беруші Н. Оразбахов 3 жыл мерзімге, делдал А. Атажанов 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандарға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынады.

Сот үкімдері заңды күшіне енбеді.