Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ташкент әуежайында алапат жарылыс болды

AstanaTV
28.09.2023ж. 09:25
1097
Ташкент әуежайында алапат жарылыс болды

Ташкент әуежайындағы кедендік қоймада алапат жарылыс болды. Салдарынан көпқабатты үйлердің терезі мен есіктері қирады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

өрт өзбекстан

Жарылыстан зардап шеккендер саны көп, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі де көптеп келген. Қазір жарылыстан кейін тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше төтенше жағдай 28 қыркүйекте 2:43-те болған. Жарылыс дауысы бірнеше шақырымға дейін естілген. Ал от жалыны өзге аудандардан да көрініп тұр.

Әуежайға 16 өрт сөндіру-құтқару бригадасы жіберіліпті. Сондай-ақ ведомство өкілдері ұшақ құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Uzbekistan Airports компаниясы жарылыстың әуежай жұмысына кедергі келтірмегенін хабарлады.