Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Толассыз жауған жаңбырдан кейін Қарағандыны су басты

AstanaTV
28.09.2023ж. 10:00
747
Толассыз жауған жаңбырдан кейін Қарағандыны су басты

Қалада жауған жаңбырдан кейін Қарағанды ​​көшелерін су басты - қарағандылықтар әлеуметтік желіде толассыз жауған нөсердің салдары түсірілген кадрларды бөлісуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарияланған кадрларда жауын-шашыннан кейін Қарағандының кейбір көшелерін су басқаны байқалады. Көліктер қала бойынша әрең қозғалып, су ғимарат іші мен автобустардың салондарына кірген.

Қарағанды ​​қаласының әкімі Мейрам Қожықов Instagram желісіндегі ресми парақшасында қолайсыз ауа райының салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Оның айтуынша, кейбір аудандарда су тартылып үлгерген.

"Қазгидромет" РМК сайтының хабарлауынша, бүгін Қарағандыда найзағай ойнап, 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанған. Ал бір күн бұрын синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты өңірде дауылдық ескерту жариялаған болатын.