Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Оралдағы әуежай екі күнге жабылады

AstanaTV
28.09.2023ж. 11:03
733
Оралдағы әуежай екі күнге жабылады

Оралдағы әуежай екі күнге жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Сондай-ақ 23 қыркүйектен 23 қазанға дейін Ақтау әуежайы таңертеңгі және кешкі рейстер кезінде ғана жұмыс істейтін болады.

Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежай қазан айында екі күнге жабылады. Әуежай ұшу-қону алаңында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылады.

Әуе айлағы 8 қазанда сағат 2:00-ден бастап 10 қазанның 5:00-ге дейінгі уақыт аралығына жабылады. 12 қазан - резерв күні, сағат 1:30-дан 17:00-ге дейін. Бұл ұшақтарды пайдалану және жолаушыларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шара, – деп хабарлайды "Мой город" басылымы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарының уақыты қолайлы ауа райы жағдайларын және ұшу санының азаюын ескере отырып айқындалған.