Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Жұғысты болсын": актриса Анар Батырхан су жаңа пәтер алды

AstanaTV
28.09.2023ж. 11:30
901
"Жұғысты болсын": актриса Анар Батырхан су жаңа пәтер алды

Актриса Анар Батырхан пәтер сатып алғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі қуанышын Instagram парақшасында бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құттықтап қойсаңыздар болады. Анар қыздарыңыз үйлі болды. Аллаға сансыз шүкір! Сіздерге де жұғысты болсын", - деп жазды Анар Батырхан.

Актриса парақшасында пәтер сатып алған тұрғын үй кешенін және үйінің кілтін көрсеткен.

Ал желі қолданушылары актрисаның қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді.

"Құтты болсын", "Берекелі үй болсын", "Бізге де жұғысты болсын", "Керемет жаңалық", "Іші қуанышқа толы болсын", - деп жазды желідегілер.