Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Петропавлда өрт шыққан көпқабатты үйден 12 адам құтқарылды

AstanaTV
28.09.2023ж. 10:53
603
Петропавлда өрт шыққан көпқабатты үйден 12 адам құтқарылды

Петропавл өрт сөндірушілері тұрғын үйдегі өрт кезінде барлығы 12 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, өр сөндірушілер қаладағы 6 қабатты тұрғын үйдердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсе салысымен дереу жеткен.

Өрт сөндірушілер баспалдақ тамбурында алдыңғы есіктің астынан қалың түтін шығып жатқанын байқайды. Улы түтін пәтерлердегі, әсіресе жоғарғы қабаттардың тұрғындарын эвакуациялауға кедергі келтірген. Өрт сөндірушілер 12 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы баспалдақпен көшеге шығарып, сол мезетте газ-түтіннен қорғау буыны пәтерге кіреді.

«Пәтердегі барлық бөлмелер түтінге толы болды, жатын бөлмесінде жеке заттар жанып жатты. Біз бөлмелердің бірінде бала бар екенін білдік, баланың өзі 101 қызмет диспетчері Жанерке Жиентаеваға бейне қоңырау арқылы қай жерде екенін көрсетті. Оны сол жерден таптық, ол терезе алдында отырып, ашық терезе арқылы демалып отырған. Оны көтеріп, кіреберістен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдым. Жол бойы оны мүмкіндігінше тыныштандырдым. Осы кезде үйде күтіп отырған үш баламды есіме алдым», - деді СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Балқат Токин.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан өрт сағат 14.34-те сөндірілді. Оның ауданы 5 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 23 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Нақты себептері мен шығындары анықталуда.

Өрт кезінде 12 жасар бала құтқарылды. Ол денсаулығына келтірілген залал дәрежесін анықтау үшін ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне қауіп жоқ.