Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Баланы шошытпайын деп жастыққа тұншығып өкіріп жылағанмын". Ырысбала Икрамбай қандай қиындықтан өткенін айтты

AstanaTV
28.09.2023ж. 13:27
5038
"Баланы шошытпайын деп жастыққа тұншығып өкіріп жылағанмын". Ырысбала Икрамбай қандай қиындықтан өткенін айтты

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде көмек сұрайтындар жағдайға, уақытқа қарамайтынын, тіпті кейде өздері алған қарызын өтеп беруді сұрайтындар да болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің оқырмандарының бірі одан перзентханаға апаратын сөмке алып беруін сұраған.

"Сәлеметсіз бе, әпке. Жазуға ұялып отырмын. Бірақ басқа амалым болмай тұр. Сумка в роддом алып бере аласыз ба?" - деп жазған блогерге оқырмандарының бірі.

"Қыздар ашық сөйлесейікші. Өтірік көпке жағыну үшін мейірімді адамның маскасын кимей. Осылай сұрайтын қыздар сіздер жетімсіздер ме? Айдаладағы өміріңіздегі көрмеген блогерден сұрауға қалай ұялмайсыздар. Өзіңіздің ағайын, туыс ешкім, сол туылатын баланың әкесі, оның туған туыстары мүлде жоқ па? Қатынмен жатуды, екіқабат қылуды білетін еркек ол өмірге келетін балаға киім, памперс керек екенін білмейді ме?" - дейді ол.

Енді бір оқырманы алаяқтарға алданғанын айтып, блогерден ақша сұраған.

"Ақымақ бас екі аяқтың соры. Айдаладағы біреу өзі алданады, ағайын туысынан қарыз болады. Бірақ оны қайтаруға неге мен көмектесуім керек? Алланың разылығы үшін деп өз проблемаңыз бен өз тыныштығыңыз үшін түнгі сағат он жарымда маған жазып, менің тыныштығымды бұзу қаншалық дұрыс?" - деп жазды Ырысбала Икрамбай.

Блогердің тағы бір оқырманы мүмкіндігі шектеулі екенін, енді несиесін өтей алмай отырғанын айтып, көмек сұраған.

"Артық сөйлесек, Алла жазықты етпесін. Әркімнің жағдайы өзіне мәлім. Дұрыс кредитсіз қазақ аз. Бірақ әркім көрпесіне қарап көсілу керек шығар. Сол кредитті алатын кезде 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның пенсиясы қанша екенін, кредит алған соң қанша төлейтініңізді білген шығарсыз. Өз еркіңізбен алған кредитіңіз үшін түнгі сағат он екіде мені мазалау қаншалық дұрыс? ...Қыздар, қиындық барлығымыздың басымызда болды, әрмен қарай да болады. Бірінші баламды босанғанда, көп киім алуға ақша жоқ, дұрыс памперс те кигізе алмайсың, киімдеріне боғы, кіші дәреті өтіп кетсе, сол жерде жуып, кептіріп, қайта кигізіп. Оны көрген медсестралар сөйлеп, киім жаюға болмайды деп палатада. Қасымдағы әйелдің атынан иісі бұрқырап, неше түрлі тамақтар келіп жатса, менің артымнан сиырдың құр сүйегінен әбден қайнатып, түсін аппақ қылып, күйеуім өзі істеп әкелген сорпа. Соны теріс қарап жылап отырып ішіп, жаңадан туғанда сиырдың сорпасы ішті кептіреді екен ғой, баланың іші кеуіп, баламен қосылып тағы жылап жүргенмін. Ол күндер де өтті... Роддомнан күйеуім жалғыз өзі таксимен келіп, шығарып алып. Үйге барғанда, үйдің ішін тап-таза қылып, Роман жинап, жуып, жылтыратып қойған. Бірақ жеуге тамақ жоқ. Мен роддомнан шығамын, анализ, обход деп жүріп, таңғы ас ішпегенмін. Кешке үйге бірақ келіп, балаға сүт керек, өкіріп тұрып жылағанмын. Баланы шошытпайын деп жастыққа тұншығып. Сол күндерден біреуіңіз келіп, шығарып алған жоқсыздар ғой. Көре-көре Алла қолдап, халық қолдап, бас көтеріп шықтық қой. Неменеге зарлай береміз жоқ деп?" - дейді ол.

Ырысбала Икрамбай өмірде ешқандай нәрсе оңай келмейтінін айтып, өз басынан өткен қиындықтарды бөліскен.

"Күйеуің тырмысып тіршілік жасайды, бірақ жетпейді. Біреуден сұрауға намыс жібермейді. Төркіннен сұрайын десең жетісіп отырған олар жоқ, ата-енеңнің жағдайы өзіңе мәлім. Бір күн аш, бір күн тоқ күндер, балаңның дамуы кеш, ем бастау керек, сол баяғы ақша жоқ. Ішіңде ойда жоқта екіншің пайда болған. Тапқаның больницаға, дәріге, таксиге, квартира мен кварплатаға кетеді. Ұрысып жүріп квотамен жатасың тегін массаж алу үшін. Больницада балаңа ғана тамақ береді, ем алып жатқан соң тәбеті ашылып, тамақты тауысып қояды, өзің екіқабатсың, нанды көбірек алып қалып тамақ таратқанда, қара шаймен ішіп алып, бір жылап алып, кекіріп тұрып ұйықтайтын да күндер өтті..." - деп жазды ол.
"Мені сөзбен кім сөкпеді, мені өсекпен кім қылмады. Қайдағы біреулердің сөзі үшін жылаған уақыттарым қайтып келсе, пайдалы дүниеге жұмсар едім. Ұл өсіріп отырғандар, ұрыға күлмеңдер, қыз өсіріп отырғандар, жезөкшеге күлмеңдер, өз аузыңнан шыққан сөздерің өзіңнің қара басыңа келген қиналып қалатын өзің... Он күнәнің тоғызы тілден. Алладан жасырмағанды адамнан жасырмаңыздар. Қалай бар солай өмір сүру жеңілірек", - дейді ол.