$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбедегі бір мектепте карантин жарияланды

28.09.2023ж. 20:00
1003
Ақтөбедегі  бір мектепте  карантин жарияланды

Ақтөбе облысындағы №11 мектепте карантин жарияланды. Бастауыш сынып оқушысынан қызылша анықталған. Онымен қарым-қатынаста болған балалардың барлығы тексерілді. Сынып оқушыларның өзге кластағылармен араласуына уақытша тыйым салынған. Сол үшін үзіліс уақыты да бөлек белгіленді. Сақтандыру шарасы 5-қазанға дейін жалғасады. Жалпы өңірде қызылша дерті өршіп тұр. Осы уақытқа дейін 400-ге жуық адам дерт жұқтырған.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА, №11 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Тек бір класта бізде қызылшаға байланысты карантин. Балалар сабаққа қатысады. Барлық жағдай жасалған. Желдету, кварц қосылады. Сол кабинетте әртүрлі жұмыстар жүргізіледі.