$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Азия ойындары: Баскетболдан ұлттық құрама плей-офф кезеңіне шықты

AstanaTV
29.09.2023ж. 12:27
1559
Азия ойындары: Баскетболдан ұлттық құрама плей-офф кезеңіне шықты

3х3 баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандастарымыз D тобында үшінші матчта жеңіске жетіп, топта 2-орынмен ХІХ жазғы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл жолы қазақ баскетболшылары Таиландтан 19:16 есебімен басым түсті. Олар осыған дейін алғашқы ойында Қырғыз Республикасының (20-16), Камбоджаның (21-13) құрамасын жеңіп, Қатар ойыншыларына есе жіберген (11-19). Ұлттық құрама ойыншылары: Әділ Нариманов, Рамазан Самсин, Радислав Родионов, Богдан Рабченюк. Еске сала кетейік, 23 жасқа дейінгі 3х3 баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарының ширек финалына дейін жетіп, финалист Оңтүстік Кореяға жол берген (13-17).