Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қызылорда қаласында жаңадан неке сарайы мен Анаға тағзым орталығы ашылды

Қызылорда қаласында жаңадан неке сарайы мен Анаға тағзым орталығы ашылды

Қызылорда қаласында жаңадан неке сарайы мен анаға тағзым орталығы ашылды. Бұл облыстың 85 жылдығы мен қала күні мерекесіне тарту ретінде беріліп отыр. Әлеуметтік нысандардың бірін меценат өз қаражаты есебінен салып берген.

Аймақта бұған дейін заман талабына сай, сәні келіскен неке сарайы болған жоқ. Қала күні мерекесі қарсаңында мәселе оң шешілді. Неке қию рәсімі салтанатты сәтке тұспа-тұс келген жастар бұл жақсылықтың бастауы дейді.

Данияр ТЕҢІЗБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Некеміз үлкен сарайда қиылып тұр. бұл біз үшін үлкен маңызды сәт деп есептеймін. Және өте үлкен бақыттың нышаны деп есептемеймін.

Жаңадан бой көтерген нысанда тек салтанатты рәсімдер ғана өткізілмейді. «Қазақы қарашаңырақ» идеологиясы дәріптеліп, рухани кемелденген жаңа буын қалыптастыруға жағдай жасалады» деді облыс әкімі.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы «Халқымыз қай замандада отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірін білген» деген болатын. Неке сарайы неке қиюды ғана рәсімдеп қоймай жастардың жұбайлық өмірге бейімделуі, денсаулығын сақтау, жұмыспен қамтылуы, тұрғын үй кезегіне тұруы, ұлттық салт-дәстүрімізді бойына сіңіруіне ықпал етеді.

Аймақта 17 мыңға жуық «Алтын» және «Күміс алқа» иелері бар. Мереке қарсаңында ақ жаулықтылардың бас қосатын орталығы да пайдалануға берілді.

Баян ТӨРЕБАЙҚЫЗЫ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

Анасын қадіреген қазақпыз. Әсіресе, қазақтың қыз балаларына, жас келіндерге үлкен өнеге болатын ұлағатты іс атқарылады деп ойлаймын оыс жерде. Бұл жерде барлық бөлмелерде әртүрлі қазақтың бұрыңғы салт-дәстүрі, ою-өрнегі қалай жасалынады соның бәрі жас ұрпаққа берілетін тәрбие.

 «Анаға тағзым» орталығының құрылысын кәсіпкер Марат Дүйсенбаев қаржыландырған. Меценат өз қалтасынан 1,7 млрд теңге бөліпті.