$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандықтар үшін Түркияда демалу тағы да қымбаттай түсті

AstanaTV
01.10.2023ж. 22:00
1040
Қазақстандықтар үшін Түркияда демалу тағы да қымбаттай түсті

2023 жылдың тамызында Түркияға саяхат жолдамасының бағасы 10 пайызға өскен. Былтыр да оның бағасы күрт көтерілген болатын. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Шетелде демалу үшін турист әуелі саяхаттау билетінің құнын, содан соң өзінің табыс мөлшерін ескеруі керек. Бұған дейін Қазақстанның көптеген қаласында жалақы мөлшері өскені, ал елдегі орташа номиналды жалақы көлемі 365 502 теңгені құрағаны туралы хабарланған болатын.

Дегенмен DATA HUB Telegram-арнасының мәліметінше, танымал туристік жерлерде демалу бағасы да көтеріліп жатыр.

Шетелде демалу құны екінші жыл қатарынан өсіп жатыр.

Дереккөз ақпаратынша, шетелдегі екі танымал демалыс орнында баға көрсеткіші айтарлықтай өскен: 2022 жылғы тамыз айындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда Түркияға саяхат жолдамасының бағасы 11,5 пайызға жоғарылаған; Дубайда болса, соңғы 12 айда баға өсімі 27,6 пайызды құраған. Алайда Түркиядағы демалыс құны алдыңғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда онсыз да жоғары болғанын ескерген жөн.

"Иә, мұндай өсім аса көп емес болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл ретте биылғы жылдың баға көрсеткішін есептейтін болсақ, 2022 жылғы тамыздағы көрсеткіш бірден 21,5 пайызға өскенін ескеру қажет. Яғни сол кездің өзінде (Түркияда демалу – ред.) шарықтап тұрған баға одан бетер көтерілген", – дейді сарапшылар.

Сондай-ақ 2022 жылдың тамызында Дубайда демалу құны да 26,8 пайызға өскен. Ал бүгінде бұл көрсеткіш 27,6 пайызға өскен, яғни биылғы баға көрсеткіші одан бетер жоғарылай түскен.

"Әрине, басқа жерге де барып демалуға мүмкіндік бар – тасымалдау шығыны да төмен болуы ықтимал. Бірақ жақын маңдағы демалыс орындары да баға өсімі бойынша Түркияны қуып жеткен. Балама демалыс орындарына да сапарға аттану бағасы 2022 жылдың тамыз айының көрсеткіштерімен салыстырғанда 13,7 пайызға өскен", – делінген дереккөздің хабарламасында.