$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Маңғыстау өңірінде вакцина алмаған балалар қызылша жұқтыруда

AstanaTV
01.10.2023ж. 22:28
1085
Маңғыстау өңірінде вакцина алмаған балалар қызылша жұқтыруда

Маңғыстау облысы, Тұпқараған ауданының Сайын Шапағатов және Ақшұқыр ауылдарында үш бала қызылша жұқтырды. Балалардың бәрі ауруға қарсы екпе алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі бала екпе алмаған, ал біреуінде вакцинаға медициналық қарсы көрсетілім болған.

«Қазіргі уақытта науқас балалар Ақтау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Ауданның қызылшаға қарсы егілмеген 1-30 жас аралығындағы тұрғындарына вакцинациядан өтуді ұсынамыз. Қызылшаның алдын алу әдісі – вакцина алу. Құрметті ата-аналар, балаларымызды қызылшадан қорғайық. Қызылшаға қарсы егу 1 жастан 6 жасқа дейін жүргізіледі», – деді Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.