Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астана әуежайындағы автотұрақ құны өсті

AstanaTV
02.10.2023ж. 10:43
748
Астана әуежайындағы автотұрақ құны өсті

Астана халықаралық әуежайында 2023 жылғы 1 қазаннан бастап тұрақ құны өзгерді. Бұл жөнінде әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Әуежай кешені алдындағы тұрақтың P4-P6 аймағына көлік қалдыру құны екінші және үшінші тәулікте 2000 теңге, 3 тәуліктен артық болған жағдайда тәулігіне 3000 теңге болады.

P1-P3 аймағында екінші және үшінші тәулікте 3000 теңге, көлікті 3 тәуліктен артық қалдырған жағдайда тәулігіне 4000 теңге.

Сондай-ақ жабық тұраққа көлік қалдырсаңыз, кейінгі тәулікте көктем-жаз мезгілінде тәулігіне 3000 теңгеге, күз-қыс мезгілінде 4000 теңгеге дейін өседі.