Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ұлытау облысының Борсеңгір ауылында берекелі тірлік бар

02.10.2023ж. 20:00
707
Ұлытау облысының Борсеңгір ауылында берекелі тірлік бар

Ұлытау облысының Борсеңгір ауылында берекелі тірлік бар. Шағын ғана елдімекеннің тұрғындары кез-келген мәселені жергілікті әкімдікпен бірігіп шешеді. Ел- жұрты басшысын басшы тұрғындарын демеген ауыл жайлы тілші әңгімесінде.

Ұлытау облысының Ұлытау ауданына қарасты Борсеңгір ауылдық округінде небәрі 610 адам тұрады. Халық негізінен мал шаруашылығымен айналысады, әрі аймақтағы кен орындарында жұмыс істейді.

Жусанбай ТЫНЫБЕКОВ, БОРСЕҢГІР АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ұлытау облыс болғаннан кейін ауылымызға көптеген өзгерістер кірді. Ауылымыздың жастары ұйымшыл, өте мәдениетті, ұлағатты балалар тәрбиеленіп отыр. Өсіп келе жатыр. Келешекке жақсы ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз деп өзіміз қуанып отырамыз.

Ауыл жастарын да, қарияларын да қолдайтын өзі де жас әкім- Бауыржан Әлімбеков. 3 жыл бұрын “Amanat” партиясы атынан сайланған әкім елдің сенімін ақтаған. Осы уақытта партияның “Ауыл- ел бесігі” бағдарламасы аясында 40 жыл жөндеу көрмеген ауылға кіреберіс 20 шақырым жол жөнделе бастады. Ауылдағы 5 көшенің екеуіне асфальт төселді. Тұрғындар армандаған саябақ салынды. Мұның барлығы жартылай қатысу бюджетімен ауданнан бөлінген қаржыға, ал жартысы жергілікті кәсіпкерлердің демеуімен жүзеге асқан.

Бауыржан ӘЛІМБЕКОВ, БОРСЕҢГІР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жергілікті тұрғын өздері шешеді ауылға не нәрсе салу керектігін. Жергілікті қауымдастық деп айтамыз соның хаттамасы негізінде қандай жұмыс атқарылуы керек ауылда мысалы сол бойынша бір бағытты береді, сол бойынша біз құжат жинаймыз. Сосын құжатты өткізіп бюджеттік комиссия қаржысын бөліп сол бойынша жұмыс атқарамыз.

Ауыл мәселелері жергілікті қауымдастық- ақсақалдар кеңесінде қаралады. Қарияларға құрмет жоғары. Олар барлығын әкімдікпен ақылдасып шешеді. Әкім де ауылдың әрбір тұрғынын жатқа біледі.

Бауыржан ӘЛІМБЕКОВ, БОРСЕҢГІР БОРСЕҢГІР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

452 адам дегеніңіз бір- бірімізді күнделікті көшеде келе жатқанда да көріп, ауыл кішкентай болғандықтан жаяу жұмысқа бара жатсаң да көріп амандасып, бір- біріңді жақсы танисың да. Сондықтан міндетті түрде қабылдауға жазылу емес көбісі жаңағы кездескен жерінде сұрақтарын айтып жатады.

Борсеңгірліктер алдағы уақытта “Amanat” партиясының “ Әрқайсына лайықты өмір” бағдарламасы аясында саябақты көркейтіп, ауыз су ұңғымасын ауыстыруды жоспарлап отыр.