Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жеке деректері қолды болған қазақстандықтарға SMS арқылы хабар беріледі

02.10.2023ж. 20:00
567
Жеке деректері қолды болған қазақстандықтарға SMS арқылы хабар беріледі

Қазақстандықтардың дербес деректерімен жұмыс істейтін мекемелер азаматтардың мәліметі қолды болған жағдайда иесіне хабар жіберуге міндетті. Бұл туралы «Amanat» партиясында өткен брифингте айтылды. Яғни, жеке деректер қолды болған жағдайда «1414» нөмірінен СМС келеді. Дербес деректерді қорғау басқармасының басшысы көп жағдайда адамдар сақтық шараларын ұмытып, білместікпен жеке деректерін белгісіз платформаларға енгізеді. Кейін алаяқтарға қалай қолды болып кеткенін де ұқпай отырады дейді.

Әділетхан ҚАБДЕШ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Уәкілетті органдардың дербес деректер базасының субъектілерімен операторлар және де барынша осы ақпараттық қауіпсіздік орталықтарының іс-қимылын біріктіріп, дербес деректер жылыстаған жағдайда азаматтарды нақты біз хабардар ететін боламыз. Ол егов кабинеті арқылы, немесе 1414 смс арқылы.

Заңда дербес дерек деген ұғымның өзіне анықтама енгізіліп жатыр. Өйткені қазір оның нақты түсініктемесі жоқ. Ұғымның бұлайша түсіндірілуі норманың екіұшты екенін көрсетеді. Біреулер ЖСН-ді дербес дерек десе, тағы біреулер дербес дерек емес дейді. Мәжіліс депутаттары қазір заң жобасының аясында сарапшылармен бірге осындай нақты емес нормаларды болдырмау бағытында жұмыс істеп жатыр.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекеттік орган сайттарының бірінде бұрын ЖСН арқылы адамның кім екенін білуге болатын, кейін ол қызметті жапты. Яғни, ЖСН адамның атымен бірге жарияланса, ол дербес дерек болып есептеледі. Тіпті адамның аты-жөні мен әкесінің аты да дербес дерек болып саналады. Қазіргі заңда осындай қосар стандарттар өте көп.