$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Аз қамтылған отбасыларға 1000-нан астам азық-түлік себеті таратылды

02.10.2023ж. 20:00
620
Аз қамтылған отбасыларға 1000-нан астам азық-түлік себеті таратылды

Елордада аз қамтылған отбасыларға 1000-нан астам азық-түлік себеті таратылды. Қайырымдылық шарасы Республика күні мен Қарттар күніне орайластырылды. Еріктілер себетті үй-үйлерге жеткізіп беріп, баршаны жақсылық жасауға шақырды.

Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен жасалған "Игі істер марафоны" осымен үшінші рет өткізіліп жатыр. Жан жылытар амалға кәсіпкерлер мен еріктілер қолдау білдірді.

Олжас ХАМИТОВ, "АСТАНА ЖАСТАРЫ" ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

"QAZAQOIL" компаниясымен бірігіп 1000-нан астам карзина таратып жатырмыз. Барлық аз қамтылған отбасыларға үйлеріне дейін жеткізіледі. Бұл қызметтердің барлығы Астана қаласының қызметкерлері мен қалалық волонтерлар штабының қызметкерлерімен атқарылады. Жалпы еріктілерден қазіргі уақытта 150-ге жуық адам.

Әрбір себетте күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен азық түлік бар. Қант, қарақұмық, күріш, макарон өнімдері мен балаларға арналған тәттілер салынған. Қайырымдылық себетін алғандардың бірі - Қазыбек Әлімжанов. Оның 8 баласы бар. Бұл үлкен тосынсый болғанын айтады.

Қазыбек ӘЛІМЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өзімнен, отбасыларым үшін, балапандарым үшін, Сіздерге мың да бір рақмет айтам. Спонсорларға, көмек беріп жатқан жандарға, әкімшілікке көп рақмет. Бәріңізге Алла разы болсын. Баршаңызға рахмет айтам. Неожиданно получилось шынымды айтсам. Жұмыста болғам. Жаңа звандап жатыр. Таңқалдым.

Ұйымдастырушылардың сөзінше игі іс алдағы уақытта да жалғасын табады. Осылайша, жыл сайын қайырымды жандар 50 мың отбасыға көмек көрсетеді. Еріктілер барлық азаматтарды "Игі іс марафонына" қосылуға шақырады.