Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылордалықтар ХІХ жазғы Азия ойындарынан жүрделі оралған спортшыларды күтіп алды

Қызылордалықтар ХІХ жазғы Азия ойындарынан жүрделі оралған спортшыларды күтіп алды

Қызылордалықтар ХІХ жазғы Азия ойындарынан жүлделі оралған спортшыларды күтіп алды. Нұрлыхан Шархан, Абылай Жұбаназар мен Мағжан Шамшадин дзюдо спортынан қанжығалары майланған болатын.

Сыр спортшылары Қытайдың Хончжоу қаласында еліміздің намысын абыроймен қорғауда.

Үш бірдей дзюдошымыз ел қоржынына қола жүлде салды. Мерейімізді асырды. Сыр жұртшылығы жүлдегерлерді әуежайдан сән-салтанатымен күтіп алды.

Нұрлыхан ШАРХАН, АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

Сыр елі жақсы күтіп алды. Көп-көп рахметімізді айтамыз. Өте бір толқып, қуаныш сезімде тұрмыз. Өте керемет. Мынандай сезімнен кейін әрдайым медаль алғымыз келеді. Осы жеңісімді Қызылорда облысының 85 жылдығына арнаймын.

Абылайхан ЖҰБАНАЗАР, АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

Ол жаққа қола үшін бармадым, әрине алтын үшін барғанбыз, осылай болды, шүкір Аллаға. Бірақ ешқандай босамаймыз. Осындай керемет көңіл-күймен алда жарыстарға дайындаламыз. Алда әрине, менің мақсатым Азия ойындарының қола жүлдегері атану ғана емес, алда Олимпиада, Париж төрінде атой салсам ба деген мақсаттамын.

Спортшыларға ақындарда арнау арнады. Жеңімпаздар мен бапкеріне аймақ басшысы атынан тұлпар мінгізді. Облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.

Шахмардан БАЙМАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жыл басынан бері облыс спортшылары ҚР чемпирнаттарында 157 медаль жеңіп алды. Азия әлем чемпионаттарында 155 медаль қоржынға салды. Бүгінгі осы жеңіспен оралуларыңызбен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын.

Сыр халқы өзге де спортшылардан мол үміт күтіп отыр. Бүгінде дүбірлі додада түрлі спорт түрінен аймақтың 20-дан аса спортшысы бақ сынауда.