Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті

AstanaTV
03.10.2023ж. 10:34
532
Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті

Қазақстандықтар Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Торлопова мен У.Киселева 200 метр қашықтықта каноэдан жұптасып өнер көрсетуде тек қытайлықтарды ғана алға жіберді.

Өзбекстандық дуэт қола жүлдені қанағат тұтты.

Осылайша, бүгін қазақстандық ескекшілер Азиадада қос күміс, бір қола жүлдеге ие болды.