Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Алматы облысындағы мектептердің бірінде оқушыларға мерзімі 2 жыл бұрын өткен йогурт таратылған

AstanaTV
03.10.2023ж. 10:55
600
Алматы облысындағы мектептердің бірінде оқушыларға мерзімі 2 жыл бұрын өткен йогурт таратылған

Алматы облысындағы мектептердің бірінің асханасында бастауыш сынып оқушыларына мерзімі өткен йогурт таратылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Онда ата-аналардың бірі балаларға мерзімі өткен йогурт таратылғанын айтқан. 

"Мемлекет есебінен тегін тамақтандырылатын мектеп асханасында бастауыш сынып оқушыларына мерзімі екі жыл бұрын өткен йогурттар таратылған. Қаптамада жарамдылық мерзімі 2021 жыл деп көрсетілген. Мерзімі өткен сүт өнімдері өте қауіпті, бұдан балалар жарақат алып немесе улануы мүмкін. Мұндай өнім мектепке қалай жеткізілген? Бұған жауапты адам қалай жол берген?" - деп жазған Желі қолданушылары. 

Мектеп әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олар мердігермен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданғанын, іс сотқа жіберілетінін және мектепте күнделікті тамақтануға бақылау енгізіліп жатқанын айтты.

"5 регион" басылымының мәліметінше, Қарасай аудандық білім басқармасы Ораз Жандосов орта мектебінің асханасындағы жағдай тексерілгенін мәлімдеді.

"Тексеру қорытындысы бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі толтырылды. "Растишка" сүзбешесі, "Айналайын" сүт өнімінің де мерзімі өткені анықталып, қолдануға тыйым салынды. Мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жеке кәсіпкерге хабарлама жіберіліп, асхана жұмысы қатаң бақылауға алынды", - деп хабарлады Қарасай аудандық білім басқармасы өкілдері.