Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлама кезіндегі іс-қимыл алгоритмі жасалды

AstanaTV
03.10.2023ж. 11:23
701
Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлама кезіндегі іс-қимыл алгоритмі жасалды

Мемлекет басшысы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және кәмелетке толмағандардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. ІІМ ата-аналары, қамқоршылары, өгей әкелері, бірге тұратындары және бірге тұратын басқа да жақын туыстары тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлама келіп түскен кездегі іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс-қимыл алгоритмі жеті тармақтан тұрады.

1. Ата-аналар, қамқоршылар, өгей әкелер, бірге тұратындар және басқа да жақын туыстар тарапынан зорлық-зомбылық жасалғаны туралы хабарлама бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарына дереу жазбаша хабарлау және аудан әкімдіктері жанындағы жедел ден қоюдың ведомствоаралық мобильдік топтарын хабардар етуге;

2. Баланың тұрғылықты жеріне бару, пәтерді көзбен көру, санитарлық жағдайына назар аудару;

3. Баланың үйдегі жағдайын, мінез-құлқын (ұялшақтық, қымтырылу), оның физикалық жағдайын (дене жарақаттары, көгерулер, жаралар, ауру) зерттеу;

4. Бірге тұратын адамдар (аға-інілері, апа-сіңлілері және т.б.), басқа туыстардың (үлкен немере ағалары, нағашылары және т. б.) алкоголь, есірткіні пайдалануына, соттылығына назар аудару;

5. Материалдың толықтығын қамтамасыз ету;

6. Қылмыстық-жазаланатын іс-әрекет белгілері болған кезде СДТБТ-да тіркеуді дереу қамтамасыз ету;

7. Хабарламаның әрбір фактісі бойынша, тіпті ақпарат расталмаған жағдайда да, балаға қатысты зорлық-зомбылық жасау туралы, балаға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізу керек.

Жыл басынан бері 3700-ден астам жасөспірім қараусыз және панасыз қалғаны үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізілген. Жасөспірімдер заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 72 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық орындарының 1200-ден астам иелері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта мекемелерде болуына жол бергені үшін тартылды.