Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Азиада ойындары: Ел қоржыны бесінші алтынмен толықты

AstanaTV
03.10.2023ж. 13:50
524
Азиада ойындары: Ел қоржыны бесінші алтынмен толықты

ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы жазды.

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО - АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ үш дүркін жеңімпазы атанды.

 Тас жолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбашысы 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтынын еншіледі.

Айта кетейік, осыған дейін, Алексей 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған еді.