Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Асланбек Шымбергеновтың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бас жаттықтырушы отандық боксшыға жеңісті бермегеніне күйінді. "Шағым алынбайды. Жақсы дайындалып шықты. Әлем чемпионы ол да, оны да өлтіріп тастай алмайды ғой. Бірақ, үш раунд бойы жақсы ұтып тұрды. Жеңісті бермеді. Амал жоқ", - деді бас бапкер.
Айта кетейік, 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асланбек Шымбергенов төрешілердің шешімі бойынша 2:3 есебімен жапониялық Севон Окадзаваға есе жіберді. Боксшы Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды.