Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

9 айда еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілген

03.10.2023ж. 20:00
545
9 айда еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілген

 Соңғы 9 айда мемлекеттік органдардың ресурстары мен еліміздің аса маңызды нысандарына 163,4 миллион кибершабуыл жасалған. Бұл туралы "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамында Президенттің қатысуымен өткен жиында айтылды. Мемлекет басшысына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінің қазіргі жай-күйі туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты қызметін қамтамасыз ететін және осы саладағы қауіпсіздікке төнген кез келген қатерге төтеп беретін механизмдерді дамыту маңызды екенін атап өтті.