Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ұлытау облысының ондаған елдімекені алдағы екі жылда сапалы интернетпен қамтылмақ

03.10.2023ж. 20:00
615
Ұлытау облысының ондаған елдімекені алдағы екі жылда сапалы интернетпен қамтылмақ

Ұлытау облысының ондаған елдімекені алдағы екі жылда сапалы интернетпен қамтылмақ. Жергілікті билік мектеп, аурухана секілді әлеуметтік мекемелер мен шалғай ауыл тұрғындарына сапалы байланыс желісін жеткізудің Ұлттық жоспарын құрды.

Өңірді цифрландырудың ұлттық жобасы құрылып, үкімет «Қолжетімді интернет» Ұлттық жоспарын мақұлдады. Енді республикалық және облыстық автокөлік жолдарының бойына 15 антенна- діңгек құрылысы салынбақшы.

Ерлан ЯНАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Жезқазған- Қызылорда, Жезқазған- Қарағанды, Жезқазған- Арқалық үш республикалық жолдарындаантенна- тачталық діңгектер құрылысы жоспарланып отыр. Бұл діңгектер трассаның бойында тұрады. Соның үстіне байланыс операторы өздерінің құрылғыларын қояды, сол жерде байланыс болады. Қазіргі уақытта байланыс ол жерде мүлде жоқ десек те болады».

Мемлекеттік радиожелілік қызмет мамандары байланыс арналарының сыйымдылығы мен желідегі жылдамдықты тексеріп шықты. 80 елдімекеннің 25- інде 4 G ұстаса, дәл осынша ауылда желі нашар, ал 30 ауылда мүлде интернет жоқ. Қазір байланыс операторлары кей жерлерге WI- FI қондырғыларын орнатып жатыр.

Айткүл ИБРАЕВА, ҚАРСАҚБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«WI- FI қондырғысын орнатқалы жақсы. Балаларға да, біздің жұмысымызға да қажетті материалдарды осы интернет желісінен тез жүктей аламыз. Балалар да , оқушылар да қаншама материалдарды осы интернет желісі арқылы пайдаланып отыр».

Ауылдарды интернетпен қамтумен қоса коммуналдық сұрақтарды жедел шешу мақсатында биыл «Көмек» бірыңғай байланыс орталығы ашылды. Онда 13 мыңнан астам өтініш қаралған.

Алима ҚОҢЫРБАЕВА, БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Су жоқ, жылу жоқ, жарық жоқ. Осы сұрақтар көбіне хабарласады.Оператор сұрақты қабылдасымен дереу тиісті мекемеге жібереді».

250 адамнан астам тұрғыны бар 19 ауылда интернет жақсартылмақ. Сондай- ақ Ұлытау ІТ hab ашу жоспарланып отыр. Орталықта тұрғындарға start up бағдарламалар жасаудың тегін сабақтары