Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ескі биліктің тұсында ұлттық идеологияға мән берілмеді – депутат

AstanaTV
04.10.2023ж. 14:57
789
Ескі биліктің тұсында ұлттық идеологияға мән берілмеді – депутат
Фото: abai.kz

«AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Аманжол Әлтай Мәжіліс отырысының кулуарында жат ағыммен күресудің жолдарын айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Жаңа мен депутаттық сауалымда да айттым. Ұлттық идея толығымен жұмыс істеуі керек. Идеологиялық жұмыстар болуы керек. Телеарналарда біздің зиялы қауым өкілдері идеологиялық жұмысқа атсалысуы керек. 30 жылдың ішінде, кешегі ескі биліктің тұсында ұлттық идеологияға мән берілмеуінің, ұлттық құндылықтарға назар аударылмағанының салдарын бүгін көріп отырмыз. Сондықтан заңнамалық тұрғыда талапты қатайтып, идеологиялық жұмысты күшейтіп, төл мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді күшейтуге көңіл бөлсек, сонда ғана жөн түзеледі», - деді Аманжол Әлтай.

Депутат атағандай, отбасы мен мектептегі тәрбиені қолға алу керек.


«Ол ұлттық тәрбие мәйегінде болуы керек. Сонда ғана біздің балаларымыз жат ағымдардың жетегінде емес, кешегі ғасырлар бойы жалғасқан ұлттық құндылық негізінде тәрбиеленіп өседі. «Ұлтым» дейтін намысты ұлдарды тәрбиелегіміз келсе, инабатты, ұлтқа үлгі болатын қыздарды тәрбиелегіміз келсе, ата-абадан жалғасқан ұлттық тәрбиені насихаттауымыз керек», - деді депутат.