Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Оклахоманы 5 айдан бері алып питон кезіп жүр

AstanaTV
04.10.2023ж. 22:28
972
Оклахоманы 5 айдан бері алып питон кезіп жүр

Мысық пен басқа да жануарларды азық ететін 13 футтық алып альбинос жылан бірнеше айдан бері америкалық Оклахома штаты астанасының тұрғындарын үрейде ұстап отыр. ҚазАқпарат бұл туралы USA Today басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тор алып альбинос Оклахома-Ситидегі Бернтвуд көшпелі үйлер саябағы ауданында бес ай бұрын пайда болған. Бауырымен жорғалаушыны тұрғындар соңғы рет жұма күні көрген, деп жазды KFOR-TV.

Питонды ұстау үшін жалдаған Red Beard Wildlife Control өкілі Тревор Баундс телеарнаға питон опоссум, егеуқұйрық пен мысықтарды азық ететінін айтты. Тор альбинос-питон - питон тұқымдасы ішіндегі уы жоқ жылан. Олар құрбанын толықтай жұтар алдында тұншықтырып алады.

Питонның қайдан келгені белгісіз. Бұл жылан түрі үйде асырауға өте ыңғайлы. Иесі питонды шығарып жіберген немесе ол өзі қашып кеткен болуы мүмкін. Аудан тұрғындарының сөзінше, жыланның көлемі жаз басынан бері екі есе өскен. Сондай-ақ тұрғындар көшпелі үйлер саябағы бастауыш мектептің жанында екеніне алаңдаулы.

Өткен аптада Баундс жылу камерасының көмегімен осы аудандағы үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан питонның ұясын тапты. Жертөле ішінен бірнеше өлі жануардың денесі табылды.

Баундс жыланның аузы адамның аяғымен, ал қалыңдығы семіз адамның бицепсімен бірдей, деп жазды New York Daily News.

Гиннес рекордтар кітабы бойынша, 2012 жылы бостандықта жүрген ең ірі тор альбинос-питонның есімі - Твинки, ұзындығы - 23 фут, салмағы - 370 фунт болатын.

Жылан 2014 жылы өліп қалғаны белгілі.