Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Астанада әуежай жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

AstanaTV
04.10.2023ж. 21:42
732
Астанада әуежай жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты жабылады. Жөндеу жұмыстары үш күнге созылады, бірақ тәулік бойына емес, күніне төрт сағатқа, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2023 жылдың 4 қазанында Flyarystan баспасөз қызметі хабарлады.

"Астана қаласының Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының 11 қазан, 16 қазан және 18 қазан күндері 13:20 – 17:20 уақыт аралығында жабылатынын хабарлаймыз. Әуежайдың жабылу себебі ұшу-қону жолағында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты", делінген хабарламада.