$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Адам неге бір-бірінің әрекетін қайталайды?

05.10.2023ж. 20:00
1397
Адам неге бір-бірінің әрекетін қайталайды?
Психологияда конформизм деген ұғым бар. Мұны біреу білсе, біреу білмейді. Бірақ адамдардың 80 пайызы оны жасайтын көрінеді. Яғни, алдыңда тұрған адам - шалт қимылдайтын болса, сен де автоматты түрде соны қайталайсың. Шынында солай ма? Бұл байламмен келісуге бола ма? Дәрібек Бахытбек тексеріп көрді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Көріп тұрғандарыңыздай, қолымда ештеңе жоқ. Бірақ, қазір мен арқан керіп, содан аттап өткендей қимыл істеймін. Мұны жұрт қайталай ма? Көрейік.
Алғашында ешкім мән бермеді. Алайда, айналасына қарап, күдіктеніп, тегіс жерден аттап өткендер болды.
Адам бейсаналы түрде өзгенің әрекетін қайталайтынына көзіміз жетті. Бірақ, неге? Өздерінен сұрап көрдік....

БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Алдымдағы кісі сол аттап өтті де, менде ойладым сол жерде жіп бар екен деп. Шошып аттап өттім. Сомен ешнәрсе жоқ екен.
- Мен алдындағы баланы қарағанда бірнәрсе бар секілді аттап жатты. Сосын мен де не істерімді білмей аттай салдым.
- Жана алдымдағы адам аттап өтіп бара жатқаннан кейін, алдымда бір кедергі бар шығар деп мен де сасқанымнан аттап өттім.
Жалпы "Конформизм" - адамның 80 пайызында кездеседі дейді психологтар. Адам артық ойланып тұрғысы келмей, бірден алдындағы адамның әрекетін қайталай салатын көрінеді.

Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ:
Біз өзіміз іштей қарсы болсақ та, көпшілік не жасап жатыр сол нәрсені қайталаймыз. Бұл калфорнизм және осы өмір сүру барысында өзімізді өзіміз мына инстинг самосохрание дейміз ғой мынау өзін өзі сақтау инстингі.
Біздің бұл әлеуметтік эксперимент нені көрсетті? Күйбең тірлікпен бас қатырып жүріп көп нәрсені аңғармайтындығымызды байқадық. Басқадан ерекшеленуден қорқады көп адам. Біз өзгелерден мүлдем өзгеше болғанда өзімізді ыңғайсыз сезінеміз, бірақ біз «бәріне ұқсас» болғымыз келмейді.