Елордада Nobel Fest халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Онда кәсіпкер және меценат Исламбек Салжанов Қазақстанды дамытатын заманауи технологиялар туралы айтты. Оның сөзінше, отандық кәсіпкерлер өздерінің стартаптарын құра отырып, инновациялық өнімдерімен және қызметтерімен әлемдік нарыққа шығып келеді. Қазақстан өнеркәсіптік сақтау құрылғыларын пайдалана отырып, жел мен күн электр станцияларын салу арқылы электр қуатын өндіруді барынша жылдамдата алады. Сондай-ақ, жасыл энергетика және блокчейн технологиясы саласында инженерлер мен ғалымдарға сұраныс басым болады дейді. Сондықтан жастарды осы саладағы мамандықтарды меңгеруге және салалық тенденцияларды назарда ұстауға шақырды.
Исламбек САЛЖАНОВ,КӘСІПКЕР, МЕЦЕНАТ:
Президентіміз Қазақстан болашақта инновационный мемлекет болу керек. Ол дамыған мемлекеттер қатарына кіру керек деген. Жолдауында сөйтіп айтты. Сол себептен бүгінгі мынау болып жатқан шара сол жоспарға жетуге үлкен бір өзінің үлесін қосады деген сенімдемін.