Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шымкентте тұтынушылар қаңтардан бастап жылуға 20 теңге артық төлейді

AstanaTV
16.11.2016ж. 20:00
2520
Шымкентте тұтынушылар қаңтардан бастап жылуға 20 теңге артық төлейді

Шымкентте жылу ақысы ақыры қымбаттайтын болды. 1 қаңтардан бастап тариф, қосымша құн салығын қоса есептегенде, 18 пайызға өседі. Яғни пәтер иелері тұтынған жылуы үшін орта есеппен 20 теңге артық төлейді. Тап қазіргі уақытта 1 шаршы метрге 109 теңге 67 тиыннан төлеп жүр. Жылу таратушы мекеме, бағаны көтермеске болмады, өйткені су, жарық, қала берді көгілдір отынға дейін қымбаттауы мекемеге салмақ салды, дейді.

Әбсаттар Душанов, «Қуатжылуорталық-3» МКК сату бөлімінің басшысы:

Қазіргі тариф көтерілу ол жаңағы жылуды өзіміздің тұтынушыларға уақытылы, керекті, сапалы алып келу соған - бірінші мақсатымыз. Екінші мақсат - жылу маусымы біткеннен кейін жылу жүйелерді сапалы дайындау келесі жылу беретін маусымға.

Жалпы қалада 64 мың тұтынушы жылуды пайдаланады. Айта кетейік, қазан айында  «ҚуатЖылуОрталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны монополияға қарсы комитеттен тарифті 30 пайызға көтеруді сұранған болатын. Аталған мекеме өткен жылыту маусымының қарызын әлі халықтан толық жинап үлгермегендерін жеткізді. 9874 тұтынушыны сотқа берген. Нәтижесінде 131 млн теңге өндірілген. Тұтынушылардың тағы 51 млн теңге қарызы бар.